Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару практикасы туралы
2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
(2024.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «253» деген цифрлар «270» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Соттардың жеке ұйғарымдар шығару кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын біркелкі қолдануы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 270-бабында белгіленген тәртіппен шығарылатын жеке ұйғарымдар соттардың заңдылық бұзылған жағдайларға ден қою актілері болып табылады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзу жағдайлары жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздер болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді заңдылықты бұзу деп түсінген жөн.
Іске қатысатын тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі процестік міндеттерді тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіз бола алмайды.